Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года №352 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области»

Қаулы · № 357 · қабылданған 25.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2014-no352-ekb-96393/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года №352 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 357 ·25.11.2015
16.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года №352 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 357 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года №352 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы №352 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
357
Қабылданған күні
25.11.2015
Көрсетілген редакция
16.05.2016 96393_82949.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15U0003446
ЭКБ идентификаторы
96393
Редакция идентификаторы
96393_82949
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:28

0 «Оңтүстік Қазақстан облысының

табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені
бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы
№352 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы №352 «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2883-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
16-тармақта:
42)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;»;
мынадай мазмұндағы 41-1), 42-1), 42-2), 42-3), 69-1)-тармақшалармен толықтырылсын:
«41-1) аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;
42-1) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;
42-2) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемелері орындалған жағдайда, бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
42-3) уәкілетті органның ұсынуы бойынша екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
«69-1) өз құзыреті шегінде жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға заңнамамен белгіленген тәртіппен рұқсат беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;».

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.

Д. Сатыбалды
Б. Жылқышиев
Е. Айтаханов
С. Қаныбеков
Е. Садыр
Е. Садыр
А. Абдуллаев

Қолданыстағы