Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года №352 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области»

Қаулы · № 72 · қабылданған 18.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2014-no352/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года №352 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 72 ·18.03.2016
16.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года №352 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 72 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года №352 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы №352 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72
Қабылданған күні
18.03.2016
Көрсетілген редакция
16.05.2016 101335_82943.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003707
ЭКБ идентификаторы
101335
Редакция идентификаторы
101335_82943
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:00

0 «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи

ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы
№352 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы №352 «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2883 тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Жалпы ережелер» деген бөлімде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.»;
«2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген бөлімде:
16-тармақта:
2), 7), 48), 49), 81)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізілген мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларының негізінде, өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге тыйым салу немесе рұқсат беру;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тарту;
48) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;
49) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзу;
81) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру»;
88) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
16), 20), 33), 47), 53), 62)-тармақшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
66)-тармақшадағы «сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздер алынып тасталсын;
71)-тармақшадағы «елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі» деген сөздер алынып тасталсын;
76)-тармақшадағы «конкурсқа шақыртуға» деген сөздер «тендерге немесе аукционға шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
85)-тармақшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді, қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«85) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;».
мынадай мазмұндағы 92), 93), 94), 95)-тармақшалармен толықтырылсын:
«92) болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;
93) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу;
94) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын жүзеге асыру;
95) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу.».

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қаныбековке жүктелсін.

Д. Сатыбалды
Б. Жылқышиев
С. Қаныбеков
С. Тұяқбаев
Е. Садыр
Ұ. Сәдібеков
А. Абдуллаев
К. Мендебаев

Қолданыстағы