О внесении изменения в постановление акимата Толебийского района от 31 декабря 2014 года №776 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Отдел ветеринарии Толебийского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Толебийского района от 31 декабря 2014 года №776 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Отдел ветеринарии Толебийского района»
- Атауы (қаз.)
- «Төлеби аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №776 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 223
- Қабылданған күні
- 15.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2016 91624_88770.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UM003208
- ЭКБ идентификаторы
- 91624
- Редакция идентификаторы
- 91624_88770
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:04
0 «Төлеби аудандық ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы»
Төлеби ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№776 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №776 «Төлеби аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3012 тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда «Ленгір жаршысы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Төлеби аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіндегі 16-тармақтың 27) тармақшасы алып тасталсын.