О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 31 декабря 2015 года № 06-2420 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 31 декабря 2015 года № 06-2420 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 08-1458
- Қабылданған күні
- 15.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2021 105608_524305.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01049
- ЭКБ идентификаторы
- 105608
- Редакция идентификаторы
- 105608_524305
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:03
0 «Азаматтық хал актілерін
тіркеу мәселелері бойынша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенттерін бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 06-2420 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 450 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 13856 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 1001 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпандағы № 16 (3368) «Астана ақшамы», 2016 жылғы 11 ақпандағы № 16 (3386) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-бөлімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 450 бұйрығымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 13856 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
6-тармақтың 3-тармақшасының екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«туылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін бала тууды тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде көрсетіледі;».
2
2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау жөніндегі бөлімнің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.