Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1161 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о выборах и республиканском референдуме, и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2012 года № 652 «Об утверждении перечня товаров и услуг, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о выборах»

Қаулы · № 769 · қабылданған 17.11.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1161-22-2012-no-652/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1161 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о выборах и республиканском референдуме, и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2012 года № 652 «Об утверждении перечня товаров и услуг, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о выборах» Күшін жойған 23.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1161 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о выборах и республиканском референдуме, и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2012 года № 652 «Об утверждении перечня товаров и услуг, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о выборах»

Күшін жойған Қаулы № 769 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1161 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о выборах и республиканском референдуме, и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2012 года № 652 «Об утверждении перечня товаров и услуг, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о выборах»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
769
Қабылданған күні
17.11.2020
Көрсетілген редакция
23.01.2023 148619_619491.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000769
ЭКБ идентификаторы
148619
Редакция идентификаторы
148619_619491
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:43
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасының

сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 603-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 7, 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
7.
Желілік және серверлік жабдық, компьютерлер, принтерлер, көшірме жасайтын аппараттар, факстар, телефон аппараттары, дыбыс-, бейнеаппаратурасы
8.
Серверлік жабдыққа, компьютерлерге, принтерге, көшірме жасайтын және факсимиле аппараттарына арналған жиынтықтауыш және шығыс материалдары
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-1, 16-2, 16-3-жолдармен толықтырылсын:
«
16-1.
Жеке қорғаныш құралдары: маскалар, қорғаныш қалқалары, қолғаптар, бактерияға қарсы әсері бар қолға арналған құралдар (қолға арналған антисептик), обаға қарсы қорғану костюмдері, бірреттік медициналық халаттар
16-2.
Лупалар
16-3.
Дезинфекциялық кілемшелер
»;
реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
27.
Полиграфия және баспа өнімдерін дайындау: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттардың үгіт материалдары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері; президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдаушы сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; президенттікке, Парламент, мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, халықаралық байқаушылардың, президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының куәліктері; брошюралар; жадынамалар; кітаптар; күнтізбелер; күнделіктер; планингтер; пакеттер; бейдждер; блокноттар; сайлаушыларды сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер
»;
реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
31.
Байланыс қызметтері: интернет, кабельді телевизия, телефон, пошта, байланыс орталығының қызметтері (колл-орталық)
».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.