О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1162 «Об определении поставщиков печатной продукции, требующей специальной степени защиты, а также утверждении перечня такой продукции, приобретаемой у них, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1162 «Об определении поставщиков печатной продукции, требующей специальной степени защиты, а также утверждении перечня такой продукции, приобретаемой у них, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 359
- Қабылданған күні
- 01.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2025 156246_737186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000359
- ЭКБ идентификаторы
- 156246
- Редакция идентификаторы
- 156246_737186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:59
0 «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом».
реттік нөмірлері 15, 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Магистр дәрежесі берілетін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом.
16. Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом.
17. Дипломға үш тілдегі қосымшалардың (транскрипт) мемлекеттік үлгідегі бланкілері.»;
реттік нөмірлері 28, 29, 30 және 31-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (маман).
29. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом (маман).
30. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (жай).
31. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом.».