Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан

Қаулы · № 738 · қабылданған 24.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1165-ekb-107747/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 738 ·24.11.2016
24.11.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 738 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
738
Қабылданған күні
24.11.2016
Көрсетілген редакция
24.11.2016 107747_123859.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000738
ЭКБ идентификаторы
107747
Редакция идентификаторы
107747_123859
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:12

0 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. 2013 жылғы 24 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлана қолданылатын тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:
1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
4) оқ-дәрілер, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.
7. 2001 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2000 жылғы 20 маусымда жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлана қолданылатын тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы өнім:
1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
4) оқ-дәрілер, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген ақшалай қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы