Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан»

Қаулы · № 387 · қабылданған 28.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1165-ekb-122046/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 387 ·28.06.2018
28.06.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 387 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
387
Қабылданған күні
28.06.2018
Көрсетілген редакция
28.06.2018 122046_335504.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000387
ЭКБ идентификаторы
122046
Редакция идентификаторы
122046_335504
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:52

0 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd» Қытай компаниялары консорциумы көшбасшысының «Beijing State – Owned Assets Management Co., Ltd» компаниясын «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ауыстыру жөніндегі бастамасын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. 2015 жылғы 31 тамызда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі негіздемелік келісімге сәйкес «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасын іске асыру аясында сатып алатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.».

2 2. Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы