Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан»

Қаулы · № 566 · қабылданған 18.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1165-ekb-157972/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 566 ·18.08.2021
18.08.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 566 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
566
Қабылданған күні
18.08.2021
Көрсетілген редакция
18.08.2021 157972_535888.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000566
ЭКБ идентификаторы
157972
Редакция идентификаторы
157972_535888
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:09

0 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Қызметінің негізгі түрлерінің бірі босатылатын әскери-техникалық құралдарды, оның ішінде құрамында радиоактивті компоненттер бар оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1993 жылғы 13 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге (бұдан әрі – Келісім) сәйкес:
1) ядролық зерттеу реакторларын конверсиялау жөніндегі жұмыстар шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік сараптамалардан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген көлемде және мөлшерде объектілердің элементтері мен жүйелерін:
атқарушы, өлшеу және логикалық кіші жүйелерді жаңғыртуды қоса алғанда, реакторларды автоматты басқару және қорғау жүйелерін;
реакторларды салқындату, эксперименттік құрылғыларды салқындату жүйелерін, параметрлерді технологиялық бақылау жүйелерін;
реакторлық кешендердің радиациялық қауіпсіздік және дозиметрлік бақылау жүйелерін;
реакторлық кешендердің көлік-технологиялық жүйелерін және жүк көтергіш жабдығын;
реакторлық кешендердің радиоактивті қалдықтар қоймасының, радиациялық-қорғау камерасының, аралық қоймаларының құрылысын жобалау, салу, реконструкциялау, жаңғырту үшін;
2) ядролық зерттеу реакторларының жоғары байытылған ядролық отынын шығарылған еліне қайтару, қайта өңдеу және кәдеге жарату міндеттерін іске асыру үшін сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы