Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан»

Қаулы · № 788 · қабылданған 13.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1165/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 788 ·13.09.2023
13.09.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 788 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
788
Қабылданған күні
13.09.2023
Көрсетілген редакция
13.09.2023 186069_656365.kaz
Соңғы өзгеріс
13.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000788
ЭКБ идентификаторы
186069
Редакция идентификаторы
186069_656365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:50

0 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен және Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелерімен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы іске асыру мақсатында, сондай-ақ 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара тану шарттары туралы келісімнен туындайтын халықаралық міндеттемелерді және «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
«12. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен және Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелерімен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметтерге:
саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және техникалық регламенттер, стандарттар мен өнімнің сәйкестігін растау рәсімдері бойынша ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер жатады.
13. 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара тану шарттары туралы келісімге және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) 43-тармағына сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметке:
көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі көрсетілетін қызмет жатады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы