Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» и от 23 августа 2023 года № 718 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет

Қаулы · № 1040 · қабылданған 24.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1193-23-2023-no-718-31-2015-no-1193/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» и от 23 августа 2023 года № 718 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет Қолданыста Қаулы ·№ 1040 ·24.11.2023
24.11.2023 редакциясы
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» и от 23 августа 2023 года № 718 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет

Қолданыста Қаулы ·№ 1040 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» и от 23 августа 2023 года № 718 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына ө
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1040
Қабылданған күні
24.11.2023
Көрсетілген редакция
24.11.2023 189058_666297.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300001040
ЭКБ идентификаторы
189058
Редакция идентификаторы
189058_666297
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:25

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 23 тамыздағы № 718 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 17-1, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;»;
3-тармақтың 2) тармақшасында:
алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналы жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:»;
сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 17-1-қосымшамен толықтырылсын;

2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 718 қаулысында:
1-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«
3)
Еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басшыларына, мамандарына және басқа да қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін
ЛА-дан 50 %
».

2. Осы қаулы:

1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші және оныншы абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға;
1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтары және 2) тармақшасы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленіп, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысына
17-1-қосымша
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар
Р/с №
Қо­сым­ша ақы­лар­дың ата­уы
Қо­сым­ша ақы­лар­дың түр­ле­рі
Қо­сым­ша ақы­лар­дың мөл­ше­рі
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
1
Ерекше ең­бек жағ­дай­ла­ры үшін қо­сым­ша ақы
1)
Негіз­гі пер­со­нал жұ­мыс­кер­ле­ріне мем­ле­кет­тік эт­но­са­я­сат са­ла­сын­да ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу жұ­мысы, эт­но­са­ра­лық қа­ты­на­стар са­ла­сын зер­де­ле­ге­ні, олар­дың қа­зір­гі жай-күй­іне тал­дау жүр­гіз­ге­ні, да­муын бо­лжа­ға­ны және олар­ды же­тіл­ді­ру жө­нін­де ұсы­ным­дар тұ­жы­рым­да­ға­ны үшін
ЛА-дан 50 %
2)
Негіз­гі пер­со­нал жұ­мыс­кер­ле­ріне ха­лық шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның, эт­ном­ә­де­ни дәс­түр­лер мен әдет-ғұ­рып­тар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету, на­си­хат­тау, олар­ды осы за­ман­ғы та­ри­хи және әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­лар­ға бей­ім­деу бой­ын­ша ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту­ге бай­ла­ны­сты жұ­мыс үшін;
қо­ғам­дық ке­лі­сім, жал­пы­ұлт­тық бір­лік және эт­но­са­ра­лық қа­ты­на­стар са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік са­я­сат­ты іс­ке асы­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша кон­кур­стар, фе­сти­валь­дар, мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық жо­ба­лар, ак­ци­я­лар, се­ми­нар-тре­нинг­тер, фо­рум­дар және бас­қа да іс-ша­ра­лар өт­кі­зу­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыс үшін
ЛА-дан 50 %
3)
Бас­қа­ру­шы пер­со­нал жұ­мыс­кер­ле­ріне эт­но­са­ра­лық қа­ты­на­стар са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік са­я­сат­ты іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі жұ­мыс үшін
ЛА-дан 50 %
_________________________

Қолданыстағы