О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 305
- Қабылданған күні
- 30.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2016 102838_141743.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000305
- ЭКБ идентификаторы
- 102838
- Редакция идентификаторы
- 102838_141743
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:58
0 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«
9)
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиешілердің көмекшілеріне залалсыздандырғыш заттармен жұмыс істегені үшін
БЛА-дан 30 %
»;
2 2) көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолдың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
7)
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жедел медициналық көмек көрсеткені үшін
БЛА-дан 50 %
»;
3 3) көрсетілген қаулыға 12-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.
Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдарының өтіліне қарай:
Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы
3 жылдан астам
5 жылдан астам
10 жылдан астам
15 жылдан астам
20 жылдан астам
ЛА-дан 15 %
ЛА-дан 20 %
ЛА-дан 30 %
ЛА-дан 40 %
ЛА-дан 50 %
».