Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»

Қаулы · № 11 · қабылданған 28.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1193-ekb-139152/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» Қолданыста Қаулы ·№ 11 ·28.01.2020
28.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»

Қолданыста Қаулы ·№ 11 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11
Қабылданған күні
28.01.2020
Көрсетілген редакция
28.01.2020 139152_442104.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000011
ЭКБ идентификаторы
139152
Редакция идентификаторы
139152_442104
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:13

0 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.
Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдану арқылы айқындалады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтеріне ЛА (тарифтік мөлшерлеме) ЛА белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;
2021 жылғы 1қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде;»;
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жан басына шаққанда нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызмет нәтижелеріне қарай білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;»;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2)
Оқы­ту ка­би­нет­те­рін (зерт­ха­на­лар­ды, ше­бер­ха­на­лар­ды, оқу-кон­суль­та­ци­я­лық пункт­тер­ді) мең­гер­ге­ні үшін
«Пе­да­гог мәр­те­бе­сі ту­ра­лы» 2019 жы­л­ғы 27 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес
мек­теп­тер­де, мек­теп-ин­тер­нат­тар­да, ба­ла­лар үй­ле­рін­де
БЛА-дан 20 %
тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да
БЛА-дан 25 %
ара­лас ше­бер­ха­на­лар болған кез­де
БЛА-дан 30 %
»;
реттік нөмірі 2-жолдың 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«
2)
Сы­нып же­тек­ші­лі­гі (топ же­тек­ші­лі­гі) үшін
«Пе­да­гог мәр­те­бе­сі ту­ра­лы» 2019 жы­л­ғы 27 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес
1-4 сы­нып­тар
БЛА-дан 50 %
5-11 (12) сы­нып­тар
БЛА-дан 60 %
тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
БЛА-дан 50 %
3)
Дәп­тер­лер­ді және жа­з­ба­ша жұ­мыстар­ды тек­сер­ге­ні үшін
«Пе­да­гог мәр­те­бе­сі ту­ра­лы» 2019 жы­л­ғы 27 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес.
Қо­сым­ша ақы дәп­тер­лер мен жа­з­ба­ша жұ­мыстар­ды тек­се­ру үл­гі­лік оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын­да көз­дел­ген жағ­дай­да бел­гі­ле­не­ді
1-4 сы­нып мұ­ға­лім­де­ріне
БЛА-дан 40 %
Оқу орыс ті­лін­де жү­ре­тін мек­теп­тер­де (сы­нып­тар­да) қа­зақ ті­лі мен бас­қа да ұлт­тық тіл­дер­ді және оқу ұлт­тық тіл­дер­де жү­ре­тін мек­теп­тер­де (сы­нып­тар­да) орыс ті­лін 1-4 сы­нып­та жүр­гі­зе­тін осы пән­дер­дің мұ­ға­лім­де­ріне
БЛА-дан 50 %
Жа­з­ба­ша жұ­мыстар­ды тек­сер­ге­ні үшін 5-11 (12) сы­нып мұ­ға­лім­де­ріне, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның
оқы­ту­шы­ла­ры­на:
қа­зақ, орыс тіл­де­рі, бас­қа ұлт­тық тіл­дер мен әде­би­ет бой­ын­ша;
ма­те­ма­ти­ка, хи­мия, фи­зи­ка, био­ло­гия, шет ті­лі, сте­но­гра­фия, сы­зу, құ­ра­с­ты­ру, тех­ни­ка­лық ме­ха­ни­ка бой­ын­ша
БЛА-дан 50 %
БЛА-дан 40 %
4)
Мы­на­дай:
бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да оқи­тын ерекше бі­лім бе­ру қа­жет­ті­лік­те­рі бар;
пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­та­ло­ги­я­сы бар (бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да оқу­ға ти­іс емес) ба­ла­лар­мен жұ­мыс іс­те­ге­ні үшін
БЛА-дан 40 %
БЛА-дан 50 %
«Пе­да­гог мәр­те­бе­сі ту­ра­лы» 2019 жы­л­ғы 27 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес.
Көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ақы­ны бел­гі­леу тәр­ті­бі мен шар­тта­рын бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­ды
»;
реттік нөмірі 2-жолдың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
10)
Фи­зи­ка, хи­мия, био­ло­гия, ин­фор­ма­ти­ка пән­де­рі бой­ын­ша негіз­гі және жал­пы ор­та бі­лім бе­ре­тін оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын
тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та
бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­нің оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын ағы­л­шын ті­лін­де іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның мұ­ға­лім­де­ріне және оқы­ту­шы­ла­ры­на
БЛА-дан 200%-ға дей­ін
Көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ақы­ны бел­гі­леу тәр­ті­бі мен шар­тта­рын бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­ды
»;
реттік нөмірі 3-жолдың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«
1)
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мек­теп­тер мен да­рын­ды ба­ла­лар­ға ар­нал­ған мек­теп-ин­тер­нат­тар­да, мек­теп-ин­тер­нат-кол­ле­дж­дер­де бей­ін­дік ба­ғыт­та­ғы пән­дер бой­ын­ша пе­да­гог­тер­ге
БЛА-дан 40 %
2)
Же­ке­ле­ген пән­дер­ді те­рең­де­те оқы­та­тын оқу орын­да­ры­ның (сы­нып­тар­дың, топ­тар­дың) бей­ін­дік ба­ғыт­та­ғы пән­дер бой­ын­ша жұ­мыс іс­тей­тін пе­да­гог­те­ріне;
жа­ңа­шыл­дық, экс­пе­ри­мент­тік ре­жим­де жұ­мыс іс­тей­тін (ли­цей­лер­дің, гим­на­зи­я­лар­дың, тех­ни­ка­лық ли­цей­лер­дің, мек­теп­ке дей­ін­гі және жал­пы бі­лім бе­ру ба­ғы­тын­да­ғы оқу тәр­бие ке­шен­де­рі­нің), сон­дай-ақ ба­ла­лар­ды тәр­би­е­леу шет ті­лін­де жүр­гі­зі­ле­тін мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­би­е­леу және бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да жұ­мыс іс­тей­тін пе­да­гог­тер­ге
БЛА-дан 20 %
»;
реттік нөмірлері 4 және 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.
Ауыр (ерекше ауыр) қол ең­бе­гі жұ­мыста­ры­мен және ең­бек жағ­дай­ла­ры зи­ян­ды (ерекше зи­ян­ды) және қа­уіп­ті (ерекше қа­уіп­ті) жұ­мыстар­мен ай­на­лы­са­тын қыз­мет­кер­лер­ге тө­ле­не­тін қо­сым­ша ақы
2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес және ең­бек жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган бе­кіт­кен ең­бек жағ­дай­ла­ры зи­ян­ды өн­ді­рі­стер­дің, цех­тар­дың, кә­сіп­тер мен ла­у­а­зым­дар­дың ті­зі­мі (тіз­бе­сі) негі­зін­де
Пе­да­гог­тер­ге ту­бер­ку­лез (ту­бер­ку­лез­ге қар­сы) ме­ке­ме­ле­рін­де, дис­пан­сер­ле­рін­де, са­на­то­рий­ле­рін­де, са­на­то­рий-про­фи­лак­то­рий­ле­рін­де, ор­та­лық аудан­дық ау­ру­ха­на­лар бө­лім­ше­ле­рін­де және бас­қа да ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры мен са­на­то­рий үл­гі­сін­де­гі мек­теп ин­тер­нат­тар­да, мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да жұ­мыс іс­те­ге­ні үшін
БЛА-дан 60 %
7.
Ба­ста­уыш, негіз­гі, ор­та және жал­пы ор­та бі­лім бе­ру­дің жал­пы бі­лім бе­ре­тін оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның пе­да­го­ги­ка­лық ше­бер­лік бі­лік­ті­лі­гі бар мұ­ға­лім­де­ріне, пе­да­гог-пси­хо­лог­та­ры­на:
пе­да­гог-ше­бер
пе­да­гог-зерт­те­у­ші
пе­да­гог-са­рап­шы
пе­да­гог-мо­де­ра­тор
Бі­лік­ті­лік са­на­ты үшін қо­сым­ша ақы
ЛА-дан 50 %
ЛА-дан 40 %
ЛА-дан 35 %
ЛА-дан 30 %
Көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ақы­ны бел­гі­леу тәр­ті­бі мен шар­тта­рын бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­ды. Атал­ған қо­сым­ша ақы ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­ға нақ­ты жүк­те­ме­ні ес­ке­ре оты­рып бел­гі­ле­не­ді
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8, 9, 10 және 11-жолдармен толықтырылсын:
«
8.
Жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның пе­да­гог­те­рін және рет­тік нө­мі­рі 7-жол­да көр­се­ті­л­ген пе­да­гог­тер­ді қо­с­па­ған­да, бі­лік­ті­лік са­на­ты бар бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның пе­да­гог­те­ріне:
пе­да­гог-ше­бер
пе­да­гог-зерт­те­у­ші
пе­да­гог-са­рап­шы
пе­да­гог-мо­де­ра­тор
Бі­лік­ті­лік са­на­ты үшін қо­сым­ша ақы
ЛА-дан 50 %
ЛА-дан 40 %
ЛА-дан 35 %
ЛА-дан 30 %
Көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ақы­ны бел­гі­леу тәр­ті­бі мен шар­тта­рын бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­ды. Атал­ған қо­сым­ша ақы ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­ға нақ­ты жүк­те­ме­ні ес­ке­ре оты­рып бел­гі­ле­не­ді.
9.
Жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын қо­с­па­ған­да, бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бас­қа­ру бі­лік­ті­лік са­на­ты бар бас­шы­ла­ры мен олар­дың орын­ба­сар­ла­ры­на:
- 1-са­нат
- 2-са­нат
- 3-са­нат
Бі­лік­ті­лік са­на­ты үшін қо­сым­ша ақы
ЛА-дан 100%
ЛА-дан 50%
ЛА-дан 30%
Көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ақы­ны бел­гі­леу тәр­ті­бі мен шар­тта­рын бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­ды. Атал­ған қо­сым­ша ақы ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­ға нақ­ты жүк­те­ме­ні ес­ке­ре оты­рып бел­гі­ле­не­ді.
10.
Ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның мұ­ға­лім­де­ріне
Ғы­лы­ми-пе­да­го­ги­ка­лық ба­ғыт бой­ын­ша ма­гистр дә­ре­же­сі үшін қо­сым­ша ақы
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да бел­гі­лен­ген және ти­іс­ті қар­жы жы­лы­ның 1 қаң­та­ры­на қол­да­ны­ста бо­ла­тын 10 АЕК
Көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ақы ти­іс­ті ди­пло­мы болған жағ­дай­да және негіз­гі жұ­мыс ор­ны бой­ын­ша нақ­ты жүк­те­ме­ге қа­ра­ма­стан бел­гі­ле­не­ді.
11.
Мә­де­ни­ет және спорт са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын, әс­ке­ри оқу орын­да­рын қо­с­па­ған­да, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның мұ­ға­лім­де­ріне
Тә­лім­гер­лік үшін қо­сым­ша ақы
БЛА-дан 100%
Көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ақы­ны бел­гі­леу тәр­ті­бі мен шар­тта­рын бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­ды.
Көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ақы нақ­ты жүк­те­ме­ге қа­ра­ма­стан бел­гі­ле­не­ді
»;
4-қосымшаға ескертпелер мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпелер:
1. Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнаулы түзету ұйымдарынан басқа) оқушы (тәрбиеленуші) саны 15-тен кем сыныптарда сынып жетекшілігі, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына (мөлшерлемелеріне) қосымша ақы төлеу көрсетілген қосымша ақылардың белгіленген мөлшерінен 50 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сыныптарды кіші топтарға бөлгенде де қолданылады.
2. Оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезеңінде педагогтерге еңбекақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде (қосымша ақы есебімен) белгіленген жалақы есебімен жүргізіледі.
3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің бейіндік мақсаттағы пәндер бойынша педагогтеріне, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорттық техникалық мектептерінің, спорт колледждерінің, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жоғары спорттық шеберлік мектептерінің басшы қызметкерлеріне және бейіндік мақсаттағы пәндер бойынша педагогтеріне, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының педагогтеріне, ішкі істер органдары, арнаулы мемлекеттік органдар жүйесінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атақтары жоқ педагогтеріне қолданылады.»;
19-қосымшаға ескертпелер мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпелер:
Ұзақтығы кемінде бір сағат болатын біржолғы консультацияға бір сағат ретінде ақы төленеді.
Сағат бойынша еңбекақы төлеуде ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесі үшін берілетін қосымша ақы ескеріледі.
Жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) жоғары білімі бар қызметкерлері негізгі лауазымы бойынша жұмыс күнінен тыс ЖОО ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі оқу жылына 225 сағаттан аспайтын, сағат бойынша еңбекақы төлеу шарттарында педагогтік қызметпен айналыса алады.
«Халық» деген құрметті атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбекақы төлеу мөлшерлемесі профессорлар, ғылым докторлары үшін көзделген мөлшерде, ал «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым кандидаттары үшін көзделген мөлшерде белгіленеді.
Конкурстар мен байқаулардың қазылар алқасының мүшелеріне, сондай-ақ конкурстық жұмыс рецензенттеріне еңбекақы төлеу студенттермен оқу сабақтарын жүргізетін адамдарға көзделген сағат бойынша еңбекақы төлеу мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.
* Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық айлықақыны және сағат бойынша ақы төлеу коэффициенттерінің тиісті мөлшерін ескере отырып анықталады.
** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі лауазымдық айлықақыдан пайызбен белгіленеді.
*** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі:
жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына/педагогтеріне еңбекақы төлеу үшін;
тілдерді үйрету жөніндегі курстар оқытушыларына/педагогтеріне еңбекақы төлеу үшін;
университеттердің, педагогикалық, инженерлік-педагогикалық институттардың (факультеттердің) студенттері педагогикалық практика өтетін оқу-тәрбие мекемелері қызметкерлеріне еңбекақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
**** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі:
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне, сондай-ақ өндірістерден тартылатын мамандарына еңбекақы төлеу үшін;
студенттерге өздері оқытқан пәндер бойынша мемлекеттік емтихан қабылдаған немесе дипломдық жоба жетекшісі бола отырып, дипломдық жобаны қорғауды қабылдаған жағдайларда, Мемлекеттік емтихан комиссиясына қатысқаны үшін ректорлар мен проректорларға еңбекақы төлеу үшін;
сағат бойынша жұмыс істейтін оқытушылар өнер және мәдениет ЖОО-да арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргізген кезде;
мейіргерлерді дайындау үшін азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған медицина қызметкерлеріне, қоғамдық кәсіптер факультеттеріне оқытушылық жұмыстарға тартылған адамдарға еңбекақы төлеу үшін;
оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезінде;
шет тілдерін қарқынды үйрету жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен, магистранттармен сабақ жүргізу кезінде;
басқа ЖОО-дан тартылатын оқытушыларға студенттердің далалық және педагогтік практикасына жетекшілік жасағаны үшін қолданылуы мүмкін.
***** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемелері, сондай-ақ:
мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсету үшін тартатын ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен мамандарына еңбекақы төлеу үшін;
диссертациялық зерттеулердің консультанттары ретінде тартылатын басқа ұйымдардың жетекші ғалымдары мен мамандарына еңбекақы төлеу үшін (бір докторантқа жылына 50 сағат);
басшы қызметкерлердің және мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін ақы төлеу үшін;
халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін еңбекақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.

2 2. Осы қаулының 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он бесінші абзацын, жиырмасыншы абзацының 8 және 9-жолдарын қоспағанда, осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы