Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»

Қаулы · № 551 · қабылданған 12.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1193-ekb-157878/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» Қолданыста Қаулы ·№ 551 ·12.08.2021
12.08.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»

Қолданыста Қаулы ·№ 551 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
551
Қабылданған күні
12.08.2021
Көрсетілген редакция
12.08.2021 157878_535219.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000551
ЭКБ идентификаторы
157878
Редакция идентификаторы
157878_535219
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:12

0 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты

есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық
кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

4-қосымшаға ескертпенің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің бейіндік мақсаттағы пәндер бойынша педагогтеріне, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорттық техникалық мектептерінің, спорт колледждерінің, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жоғары спорттық шеберлік мектептерінің басшы қызметкерлеріне және бейіндік мақсаттағы пәндер бойынша педагогтеріне, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының педагогтеріне, ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар жүйесінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атақтары жоқ педагогтеріне қолданылады.»;
5-қосымшаға ескертпенің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар арнаулы органдар жүйесінің, ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атақтары жоқ медицина қызметкерлеріне, білім және ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының медицина және ғылыми қызметкерлеріне қолданылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы