Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»

Қаулы · № 903 · қабылданған 15.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1193-ekb-162273/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» Қолданыста Қаулы ·№ 903 ·15.12.2021
15.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»

Қолданыста Қаулы ·№ 903 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
903
Қабылданған күні
15.12.2021
Көрсетілген редакция
15.12.2021 162273_555789.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000903
ЭКБ идентификаторы
162273
Редакция идентификаторы
162273_555789
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:01

0 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 5-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
«
6.
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы­мен кү­рес шең­бе­рін­де эпи­де­ми­я­ға қар­сы іс-ша­ра­лар­да жұ­мыс іс­те­ге­ні және оны жұқ­ты­ру қа­у­пі үшін қо­сым­ша ақы
1)
Жо­ға­ры тәу­е­кел:
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы бар па­ци­ент­тер­ге ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту үшін анық­тал­ған ре­ани­ма­ция бө­лім­ше­ле­рі (тө­сек) мен бас­қа да ста­ци­о­нар­лар­ды қо­са ал­ған­да, ин­фек­ци­я­лық ста­ци­о­нар­лар­дың дә­рі­гер­ле­рі, ор­та және кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал, ин­фек­ция жұқ­тыр­ған па­ци­ент­тер­мен және (неме­се) био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­мен ті­ке­лей бай­ла­ныс жа­сай­тын кли­ни­ка­лық бө­лім­ше­лер мен па­рак­ли­ни­ка­лық құ­ры­лым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рін қо­са ал­ған­да
Же­ті есе­лік БЛА
Нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген са­ғат­та­ры үшін
2)
Ор­та­ша тәу­е­кел:
зерт­ха­на­лар­дың (сы­на­ма алу­ды қа­был­дау бой­ын­ша бө­лім­дер­дің) қыз­мет­кер­ле­рі:
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық
қыз­мет дә­рі­ге­рі, ма­ма­ны, зерт­ха­на ма­ма­ны, сы­на­ма алу ма­ма­ны, зерт­ха­на­шы
Бес есе­лік БЛА
Нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген са­ғат­та­ры үшін ті­ке­лей:
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы­мен кон­та­ми­на­ци­я­лан­ған био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­мен;
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сын ық­ти­мал жұқ­тыр­ған адам­дар­дан био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­ды алу­мен жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер­ге
3)
Тө­мен­гі тәу­е­кел:
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы бар па­ци­ент­тер­ге ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту үшін анық­тал­ған ре­ани­ма­ция бө­лім­ше­ле­рі (тө­сек) мен бас­қа да ста­ци­о­нар­лар­ды қо­са ал­ған­да, про­ви­зор­лық ста­ци­о­нар­лар­дың, про­ви­зор­лық бө­лім­ше­лер­дің дә­рі­гер­ле­рі, ор­та және кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­на­лы, ин­фек­ция жұқ­тыр­ған па­ци­ент­тер­мен және (неме­се) био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­мен ті­ке­лей бай­ла­ныс жа­сай­тын кли­ни­ка­лық бө­лім­ше­лер мен па­рак­ли­ни­ка­лық құ­ры­лым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рін қо­са ал­ған­да;
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы бар, сон­дай-ақ СOVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сын жоқ­қа шы­ғар­май­тын кли­ни­ка­лық және эпи­де­мио­ло­ги­я­лық бел­гі­лер бой­ын­ша ви­ру­стық пнев­мо­ни­я­сы (COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы­ның ық­ти­мал жағ­дайы) бар тір­кел­ген кон­тин­гент қа­та­ры­нан ста­ци­о­нар­лық жағ­дай­да па­ци­ент­тер­ге ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­те­тін, сон­дай-ақ жі­ті ре­спи­ра­тор­лық ви­ру­стық ин­фек­ци­я­ла­ры, пнев­мо­ни­я­сы бар па­ци­ент­тер­ді қа­был­да­у­ға және эпи­де­ми­я­ға қар­сы іс-ша­ра­лар­ға бай­ла­ны­сты био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­ды алу­ға ай­қын­дал­ған ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың және бас­қа да ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың және олар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің әс­ке­ри-ме­ди­ци­на­лық (ме­ди­ци­на­лық) бө­лім­ше­ле­рі­нің дә­рі­гер­ле­рі, ор­та және кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­на­лы;
ка­ран­т­ин­дік ста­ци­о­нар­лар­дың дә­рі­гер­ле­рі, ор­та және кі­ші ме­ди­ци­на пер­со­на­лы, жұқ­па­лы па­ци­ент­тер және (неме­се) био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­мен ті­ке­лей бай­ла­ныс бар бар­лық кли­ни­ка­лық бө­лім­ше­лер мен па­рак­ли­ни­ка­лық құ­ры­лым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рін қо­са ал­ған­да
Үш есе­лік БЛА
Нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген са­ғат­та­ры үшін
же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем­нің, оның ішін­де ам­бу­ла­то­ри­я­лық жағ­дай­да ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да­ғы дә­рі­гер­лер, фельд­шер­лер және жүр­гі­зу­ші­лер
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы ди­а­гно­зы зерт­ха­на­лық рас­тал­ған па­ци­ент­ке (па­ци­ент­тер­ге) бір неме­се одан көп ша­қыр­ту болған­да нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген ауы­сым үшін
ме­ди­ци­на­лық авиа­ци­я­ны тар­та оты­рып, же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем­нің дә­рі­гер­ле­рі мен ор­та ме­ди­ци­на­лық пер­со­на­лы тар­ты­л­ған жағ­дай­да;
шұ­ғыл ден қою бри­га­да­ла­ры­ның және апат­тар ме­ди­ци­на­сы бри­га­да­сы­ның дә­рі­гер­ле­рі мен ор­та ме­ди­ци­на пер­со­на­лы, жүр­гі­зу­ші­ле­рі мен қыз­мет­кер­ле­рі тар­ты­л­ған жағ­дай­да;
мо­биль­ді бри­га­да­лар­дың дә­рі­гер­ле­рі, ор­та ме­ди­ци­на пер­со­на­лы және жүр­гі­зу­ші­ле­рі
Нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген са­ғат­та­ры үшін
осы қа­улы­ға қо­сым­ша­ның 6-жо­лы­ның 2) тар­мақ­ша­сын­да ай­қын­дал­ған қыз­мет­кер­лер­ді қо­с­па­ған­да, са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық, оның ішін­де дез­ин­фек­ци­я­лық қыз­мет қыз­мет­кер­ле­рі
Мы­на:
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы ошақ­та­ры­на эпи­де­мио­ло­ги­я­лық зерт­теу ке­зін­де жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер­ге;
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы­мен ық­ти­мал кон­та­ми­на­ци­я­лан-ған био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­мен ті­ке­лей жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер­ге;
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы бар ошақ­тар­да дез­ин­фек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар жүр­гі­зе­т­ін­дер­ге нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген са­ғат­та­ры үшін
жі­ті ре­спи­ра­тор­лық ви­ру­стық ин­фек­ци­я­ла­ры, пнев­мо­ни­я­сы бар па­ци­ент­тер­ді қа­был­да­у­ға және эпи­де­ми­я­ға қар­сы іс-ша­ра­лар­ға бай­ла­ны­сты био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­ды алу­ға ай­қын­дал­ған шұ­ғыл ста­ци­о­нар­лар­дың қа­был­дау бө­лім­ше­ле­рі­нің, ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек ұй­ым­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі
Нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген са­ғат­та­ры үшін
COVID-19 ко­ро­на­ви­ру­стық ин­фек­ци­я­сы ди­а­гно­зы рас­тал­ған мәй­іт­тер­ге сот-ме­ди­ци­на­лық зерт­теу, ай­ып­та­лушы­лар­ға, жә­бір­ле­ну­ші­лер­ге және бас­қа адам­дар­ға сот-ме­ди­ци­на­лық са­рап­та­ма жүр­гі­зу өн­ді­рі­сін­де ті­ке­лей жұ­мыс іс­тей­тін
сот са­рап­та­ма­сы ор­га­ны­ның дә­рі­гер­ле­рі, ор­та және кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­на­лы
Нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген са­ғат­та­ры үшін
»;
5-қосымшаға ескертпе:
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені және оны жұқтыру қаупі үшін қосымша ақы тәуекел тобына жатқызылуына байланысты COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тікелей қатысатын қызметкерлерге де нақты жұмыс істеген сағаттары үшін қолданылады.
7. COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені және оны жұқтыру қаупі үшін қосымша ақы төлеу кезінде мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттек бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының жұмыскерлеріне, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттек өртке қарсы қызметтің әскери қызметшілері мен қызметкерлері болып табылмайтын қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 13-қосымшасының реттік нөмірі 2-жолының 7) тармақшасында көзделген үстемеақыны төлеу тоқтатыла тұрады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы