О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 340
- Қабылданған күні
- 26.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2022 168137_576143.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000340
- ЭКБ идентификаторы
- 168137
- Редакция идентификаторы
- 168137_576143
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:43
0 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік басқару органдарына:
1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;
2) жұмыскерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту;
3) тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығы берілсін. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын тиісті жергілікті атқарушы орган айқындайды.».