Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»

Қаулы · № 1000 · қабылданған 09.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1193-ekb-175180/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» Қолданыста Қаулы ·№ 1000 ·09.12.2022
09.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»

Қолданыста Қаулы ·№ 1000 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1000
Қабылданған күні
09.12.2022
Көрсетілген редакция
09.12.2022 175180_607569.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001000
ЭКБ идентификаторы
175180
Редакция идентификаторы
175180_607569
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:09

0 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағында көзделген қызметкерлерді қоспағанда, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына берілетін бір ЛА (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, ЛА (тарифтік мөлшерлеме), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры ЛА (тарифтік мөлшерлеме) негізге алына отырып, шетел валютасында айқындалады;»;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада реттік нөмірі 2-жолда:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
5)
Алапес қоздырғыштарымен жұмыс істегені үшін
БЛА-дан 140 %
»;
мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«
19)
Аса қауіпті инфекциялық ауруларды тудыратын патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін)
ЛА-дан 50 %
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы
Осы қаулыға қосымшаның 2-жолының 12) тармақшасында айқындалған қызметкерлерді қоспағанда, инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды тудыратын патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін)
ЛА-дан 35%
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы
»;
көрсетілген қаулыға 15-қосымшада реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«
5)
Аса қауіпті инфекциялық ауруларды тудыратын патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін)
ЛА-дан 50 %
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы
Инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды тудыратын патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін)
ЛА-дан 35%
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы
».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы