О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1200 «Об утверждении Правил осуществления государственных закупок с применением особого порядка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1200 «Об утверждении Правил осуществления государственных закупок с применением особого порядка»
- Атауы (қаз.)
- «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 23.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2023 164730_645291.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000084
- ЭКБ идентификаторы
- 164730
- Редакция идентификаторы
- 164730_645291
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:22
0 «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Заңның 7-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын бірнеше заңды тұлғаның, ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасынан олар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындай алады.»;
106-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Қағидалардың 105-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайларда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары ашылмайды.».