Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1293 «Об утверждении правил и критериев отбора проектов»

Бұйрық · № 223 · қабылданған 19.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-1293/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1293 «Об утверждении правил и критериев отбора проектов» Күшін жойған Бұйрық ·№ 223 ·19.04.2017
31.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1293 «Об утверждении правил и критериев отбора проектов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 223 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1293 «Об утверждении правил и критериев отбора проектов»
Атауы (қаз.)
«Жобаларды іріктеудің қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
223
Қабылданған күні
19.04.2017
Көрсетілген редакция
31.07.2019 112272_422301.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015133
ЭКБ идентификаторы
112272
Редакция идентификаторы
112272_422301
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:20

0 «Жобаларды іріктеудің қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жобаларды іріктеудің қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12965 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған) мынандай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобаларды іріктеу өлшемшарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай негізгі өлшемшарттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) өтініш берушінің банк есепшотындағы (картотеканың болмауы туралы) және кредит тарихында болатын толық немесе ішінара ақпарат туралы мәліметтерді қамтитын кредит бюросынан алынған кредиттік есеп бойынша ақша қозғалысы туралы қызмет көрсететін банктің үзінді жазбасымен расталған банк кредиттері бойынша мерзімі өтіп кеткен берешектің болмауы;
2) тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешектің болуы немесе болмауы туралы анықтамасымен расталған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы