Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 16-05/715 "Об утверждении положения о Комитете ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"

Бұйрық · № 523 · қабылданған 15.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-16-05715-ekb-108384/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 16-05/715 "Об утверждении положения о Комитете ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" Қолданыста Бұйрық ·№ 523 ·15.12.2016
15.12.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 16-05/715 "Об утверждении положения о Комитете ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"

Қолданыста Бұйрық ·№ 523 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 16-05/715 "Об утверждении положения о Комитете ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
523
Қабылданған күні
15.12.2016
Көрсетілген редакция
15.12.2016 108384_130860.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
D1600000523
ЭКБ идентификаторы
108384
Редакция идентификаторы
108384_130860
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:52

0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12013 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлейді және бекітеді;
3-2) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;»;
20-тармақта:
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) нысаналы бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттамаларды заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықтан шығатын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы