О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 16-05/715 «Об утверждении положения о Комитете ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 16-05/715 «Об утверждении положения о Комитете ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 03.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2021 153440_515303.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21F0000061
- ЭКБ идентификаторы
- 153440
- Редакция идентификаторы
- 153440_515303
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:22
0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 16-05/715 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12013 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережеде:
20-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Министрліктің аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын лауазымға тағайындау туралы ұсынымдар енгізеді;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;»;
5) тармақша алып тасталсын;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы мен сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;»;
10) тармақша алып тасталсын.