О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 16-05/715 «Об утверждении положения о Комитете ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 16-05/715 «Об утверждении положения о Комитете ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 329
- Қабылданған күні
- 15.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2021 160502_546304.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21F0000329
- ЭКБ идентификаторы
- 160502
- Редакция идентификаторы
- 160502_546304
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:54
0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы
ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12013 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережеде:
тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;»;
мынадай мазмұндағы 13-8) тармақшамен толықтырылсын:
«13-8) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
15), 31), 32), 33), 34), 35), 36) және 37) тармақшалар алып тасталсын;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, бекітуді, ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61), 62) және 63) тармақшалармен толықтырылсын:
«42) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
43) республикалық заңды тұлғалардың мүлікті сақтауын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының дамыту жоспарларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
44) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дамыту жоспарларын орындауларын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;
46) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекітеді;
47) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында олардың қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асырады;
48) жеке және заңды тұлғаларға жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келіседі;
49) Қазақстан Республикасында алғашқы рет өндірілетін (дайындалатын) және оның аумағына алғашқы рет әкелінетін (импортталатын) жемшөптік қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
50) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген Жемшөптік қоспалардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
51) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Заңының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді;
52) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілерінің есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді;
53) мыналарға:
Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша олардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
54) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін өткізуді анықтау және оған жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды, қадағалауды және мониторингілеуді жүзеге асырады;
55) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
56) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді;
57) Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, оны Министрлікке ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
58) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі жоспарын бекітеді;
59) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асырады;
60) тиісті зертханалық практика саласындағы нормативтік-әдістемелік базаны әзірлейді (әзірлеуге қатысады);
61) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
62) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;
63) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
20-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекітеді;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Комитеттің заң, кадр және бухгалтерлік қызметтеріне жетекшілік етеді;».