Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 18-04/287 «Об утверждении типовой формы плана развития субъектов охотничьего и рыбного хозяйств»

Бұйрық · № 264 · қабылданған 02.10.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-18-04287/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 18-04/287 «Об утверждении типовой формы плана развития субъектов охотничьего и рыбного хозяйств» Қолданыста Бұйрық ·№ 264 ·02.10.2025
02.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 18-04/287 «Об утверждении типовой формы плана развития субъектов охотничьего и рыбного хозяйств»

Қолданыста Бұйрық ·№ 264 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 18-04/287 «Об утверждении типовой формы плана развития субъектов охотничьего и рыбного хозяйств»
Атауы (қаз.)
«Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
264
Қабылданған күні
02.10.2025
Қолданысқа енгізілген күні
19.10.2025
Көрсетілген редакция
02.10.2025 215266_783546.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037071
ЭКБ идентификаторы
215266
Редакция идентификаторы
215266_783546
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:49

0 «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы»;
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
Бұйрыққа 2-қосымша алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қолданыстағы