О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 183 «Об утверждении Правил проведения экспертизы временной нетрудоспособности, выдачи листа и справки о временной нетрудоспособности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 183 «Об утверждении Правил проведения экспертизы временной нетрудоспособности, выдачи листа и справки о временной нетрудоспособности»
- Атауы (қаз.)
- «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-34/2020
- Қабылданған күні
- 09.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2020 141550_493869.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020356
- ЭКБ идентификаторы
- 141550
- Редакция идентификаторы
- 141550_493869
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:07
0 «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 59-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларында:
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Инфекциялық аурумен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық департаментінің эпидемиолог дәрігерінің ұсынысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері (учаскелік дәрігер) береді.
Бұл жағдайларда инфекциялық ауруды бастан өткерген және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттету ұзақтығы адамдарды оқшаулау мерзімімен анықталады.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға байланысты үй немесе стационарлық карантинде болған кезеңде адам жұмыс берушімен тараптардың өзара келісімі бойынша «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес берілген нысандағы құжат ретінде, медициналық бақылауда болуын куәландыратын анықтама негізінде қашықтықтан жұмысты жүзеге асыра алады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мұндай жағдайда берілмейді.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.