О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 31 июля 2015 года № 230 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 31 июля 2015 года № 230 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 230 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерiстер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 291
- Қабылданған күні
- 19.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2020 106948_445258.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16M0003159
- ЭКБ идентификаторы
- 106948
- Редакция идентификаторы
- 106948_445258
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:45
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 шілдедегі № 230
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 267 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13961 болып тіркеген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 230 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2803 болып тіркеген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 тамызда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сараптамалық жұмыстарды мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тараудың 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы аттестаттаудан өтуге өтініш берген адамдардың тізімін қалыптастырады және қызметтік тізіммен бірге анықтама дайындайды және одан әрі аттестаттау комиссиясына қарау үшін жолдайды – 10 (он) жұмыс күні;»;
3-тараудың 7-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аттестаттау комиссиясы материалдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №114 бұйрығымен бекітіліген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркеген) (бұдан әрі – қағидалар) біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің қағидалардың талаптарына сәйкестігіне аттестаттау комиссиясы қарауының қорытындысы бойынша хаттаманы бекітеді – 5 (бес) жұмыс күні;»;
2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.К.Әбілов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Т.Алдашевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________Б.Әбілов
«19» 09 2016 ж.
6 Шартты белгілер:
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2016 жылғы «19» 09 № 291 қаулысына
1-қосымша
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында
сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: