Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 241 «Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета»

Бұйрық · № 256 · қабылданған 25.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-241-ekb-103530/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 241 «Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета» Қолданыста Бұйрық ·№ 256 ·25.05.2016
25.05.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 241 «Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета»

Қолданыста Бұйрық ·№ 256 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 241 «Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета»
Атауы (қаз.)
«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
256
Қабылданған күні
25.05.2016
Көрсетілген редакция
25.05.2016 103530_94613.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013801
ЭКБ идентификаторы
103530
Редакция идентификаторы
103530_94613
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:01

0 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында, және Қазақстанның Даму Банкінде;»;
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«72. Комиссия түгендеу кезінде белгілі болған кемшіндер немесе артық шығу себептерін анықтайды. Комиссияның қорытындылары, ұсыныстары және шешімдері субъектінің басшысы бекіткен хаттамамен ресімделеді.
Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған сол айдың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігінде, ал жылдық түгендеу бойынша - жылдық қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Кредиторлық және дебиторлық берешекті түгендеу еркін нысанда дебиторлармен және кредиторлармен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісі қоса беріле отырып, нысаны 562 бұйрықпен бекітілген Дебиторлық және кредиторлық берешекті түгендеу актісімен ресімделеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы