О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 250 «Об установлении критериев отнесения товаров, перемещаемых физическими лицами через таможенную границу Таможенного союза, к товарам для личного пользования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 250 «Об установлении критериев отнесения товаров, перемещаемых физическими лицами через таможенную границу Таможенного союза, к товарам для личного пользования»
- Атауы (қаз.)
- «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 11.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2017 109404_151446.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700014734
- ЭКБ идентификаторы
- 109404
- Редакция идентификаторы
- 109404_151446
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:26
0 «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 464-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялауын;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 11 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 250 бұйрығына қосымша
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері
1 1. Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:
1 1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:
ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;
планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;
зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;
бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;