О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 250 «Об утверждении Правил торговли квотами и обязательствами на сокращение эмиссий в окружающую среду»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 250 «Об утверждении Правил торговли квотами и обязательствами на сокращение эмиссий в окружающую среду»
- Атауы (қаз.)
- «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 16.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2024 110744_706084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700014919
- ЭКБ идентификаторы
- 110744
- Редакция идентификаторы
- 110744_706084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:09
0 «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10976 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларында:
2 - тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қоршаған ортаға эмиссиялар – ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.