О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 283/41-5 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Целиноградском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 283/41-5 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Целиноградском районе»
- Атауы (қаз.)
- Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283/41-5 «Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/1-6
- Қабылданған күні
- 28.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2020 101718_444958.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BQ005307
- ЭКБ идентификаторы
- 101718
- Редакция идентификаторы
- 101718_444958
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:56
0 Целиноград аудандық мәслихатының
2015 жылғы 31 наурыздағы № 283/41-5
«Целиноград ауданында тұратын
аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен
тәртібін анықтау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін анықтау туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283/41-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4760 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы белгіленген нысан бойынша өтінішті тұрғын үй иесі, жалдаушы (қосымша жалдаушы) (не сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы береді.
9. Қажетті құжаттардың тізбесі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен анықталады.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда қоғам қызметкері белгіленген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
М. Тәткеев
28.03.2016
«Целиноград ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р. Ғабдуллина
28.03.2016