Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата области от 31 июля 2015 года № 284 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции"

Қаулы · № 390 · қабылданған 21.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-284-ekb-95582/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата области от 31 июля 2015 года № 284 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции" Күшін жойған Қаулы ·№ 390 ·21.10.2015
31.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата области от 31 июля 2015 года № 284 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции"

Күшін жойған Қаулы ·№ 390 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата области от 31 июля 2015 года № 284 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции"
Атауы (қаз.)
"Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
390
Қабылданған күні
21.10.2015
Көрсетілген редакция
31.07.2019 95582_417324.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0004583
ЭКБ идентификаторы
95582
Редакция идентификаторы
95582_417324
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:57

0 «Техникалық инспекция саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
облыс әкімдігінің 2015 жылғы
31 шілдедегі № 284 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 284 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде, Стандарттың 9 – тармағына сәйкес олардың толықтығы мен шүбәсіздігін тексереді және кітапқа (журналға) тіркеу жазбасын енгізеді. Нәтижесі – тіркеу құжаттарын (телнұсқаларын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерін беру.»;
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін
қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде, Стандарттың 9 – тармағына сәйкес олардың толықтығы мен шүбәсіздігін тексереді және кітапқа (журналға) тіркеу жазбасын енгізеді. Нәтижесі – тіркеу құжаттарын (телнұсқаларын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерін беру.»;
көрсетілген регламенттің 2-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауырпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО операторы арқылы қызметтің нәтижесін (жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме) 1 (бір) жұмыс күні ішінде алады.»;
көрсетілген регламенттің 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы

№ 390 қаулысына 1 қосымша
Тракторларды және олардың базасында жасалған
өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер,
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер,
сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін
тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік
нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің
анықтамалығы

7 Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы

№ 390 қаулысына 2- қосымша
"Тракторларға және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдерге, монтаждалған
арнайы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiне,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиоративтiк
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдерiне, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар)
екендігі туралы ақпарат ұсыну"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2- қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

Қолданыстағы