О признании утратившим силу приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 285 «Об утверждении типовой методики формирования метаданных для применения государственными органами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 285 «Об утверждении типовой методики формирования метаданных для применения государственными органами»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 285 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 21.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2022 171998_593444.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029763
- ЭКБ идентификаторы
- 171998
- Редакция идентификаторы
- 171998_593444
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:55
0 «Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 285 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 285 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10940 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық технологиялар департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық технологиялар департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне мәлімет үшін жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі