О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 31 июля 2015 года № 336 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 31 июля 2015 года № 336 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма"
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 336 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 172
- Қабылданған күні
- 08.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2019 102382_422309.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16D0003828
- ЭКБ идентификаторы
- 102382
- Редакция идентификаторы
- 102382_422309
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:42
0 Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы
31 шілдедегі № 336 «Туризм саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына және «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 78 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» № 336 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте № 3403 тіркелген, 2015 жылғы 20 қазандағы № 119 «Жетісу» және № 119 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
бүкіл мәтін бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығының» (бұдан әрі – ХҚО)» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)» сөздеріне, «ХҚКО-на» сөзі «Мелекеттік корпорация» сөздеріне, «ХҚКО-ның» сөзі «Мемлекеттік корпорацияның» сөздеріне, «Халыққа қызмет көрсету орталығының» сөздері «Мемлекеттік корпорацияның сөздеріне», «30 (отыз) минут» сөздері «15 (он бес) минут» сөздеріне ауыстырылсын.
2
2. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.