Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Меркенского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 37-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Меркенскому району»

Ереже · № 49-5 · қабылданған 03.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-37-4-ekb-101030/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Меркенского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 37-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Меркенскому району» Күшін жойған Ереже ·№ 49-5 ·03.03.2016
13.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Меркенского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 37-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Меркенскому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 49-5 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Меркенского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 37-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Меркенскому району»
Атауы (қаз.)
«Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 37-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49-5
Қабылданған күні
03.03.2016
Қолданысқа енгізілген күні
25.04.2016
Көрсетілген редакция
13.05.2019 101030_406282.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16GF003019
ЭКБ идентификаторы
101030
Редакция идентификаторы
101030_406282
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:10

0 «Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №37-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №37-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2620 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірдегі №48-49 аудандық «Меркі тынысы – Меркенский вестник» газетіне жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа
қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерімен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;»
8 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің тізіміне сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаторлық емделуде жүрген адамдарға (отбасыларға) 6 (алты) ай мерзіміне 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
- көптеген дәрілік заттарға төзімді туберкулезбен ауыратын (IV топ) адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын, 12372 (он екі мын үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде;»

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы