О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 372 «Об определении перечня общераспространенных полезных ископаемых»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 372 «Об определении перечня общераспространенных полезных ископаемых»
- Атауы (қаз.)
- «Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 372 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 417
- Қабылданған күні
- 30.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2018 114009_333210.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015465
- ЭКБ идентификаторы
- 114009
- Редакция идентификаторы
- 114009_333210
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:38
0 «Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 372 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 ақпандағы № 372 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11235 болып тіркелген, 2015 жылы 19 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 11 шілде
1 Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 417 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 372 бұйрығына
қосымша
Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi
1 1. Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас.
2 2. Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы.
3
3. Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас.