О внесении изменений в приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 388 «Об утверждении Правил деятельности учебных центров» и от 30 ноября 2015 года № 1139 «Об утверждении Правил формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 388 «Об утверждении Правил деятельности учебных центров» и от 30 ноября 2015 года № 1139 «Об утверждении Правил формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности»
- Атауы (қаз.)
- «Оқу орталықтарының қызмет қағидалары» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 және «Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділгі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1139 бұйрықтарына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 313
- Қабылданған күні
- 03.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2023 180790_631154.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032432
- ЭКБ идентификаторы
- 180790
- Редакция идентификаторы
- 180790_631154
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:18
0
«Оқу орталықтарының қызмет қағидалары» 2015 жылғы 31 наурыздағы №388 және «Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділгі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы №1139 бұйрықтарына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11365 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу орталықтары қызметінің қағидаларында:
10-тармақ алып тасталсын.
2
2. «Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, жобаларды энергия тиімділігі картасына іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12543 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өтініш беруші жобаны энергия тиімділігі картасына енгізу үшін ЭЭҰДИ-ға электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы не оны алмастыратын адам бекіткен жобаның паспорты;
3) жобаның қаржыландырылуын пысықтауды растайтын құжаттардың көшірмелері (ниеттер туралы меморандумдар және келісімдер және (немесе) жобаны қаржыландыру туралы шешім) (бар болған жағдайда);
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының көшірмесі (бар болған жағдайда);
5) ұсынылған іс-шараларға (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме, коммерциялық ұсыныстар) талап етілетін инвестициялар мен үнемдеу есебінің дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).».
3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі