О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 388 «Об утверждении Правил деятельности учебных центров»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 388 «Об утверждении Правил деятельности учебных центров»
- Атауы (қаз.)
- «Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 516
- Қабылданған күні
- 30.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2021 159184_541149.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024618
- ЭКБ идентификаторы
- 159184
- Редакция идентификаторы
- 159184_541149
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:30
0 «Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11365 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу орталықтарының қызмет қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Оқу орталықтарының қызмет ету тәртібі»;
12, 13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тестілеу сұрақтары әр нұсқасы елу сұрақтан кем болмайтын кемінде төрт жауап болатын және олардың біреуі дұрыс болып табылатын бес нұсқадан кем болмауға тиіс.
13. Тестілеу сұрақтары тоқсанына бір рет отыз пайыздан кем болмауға жаңартылып отыру тиіс.
14. Тиісті бағыттар бойынша тестілеу сұрақтарын емтихан комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) бекітеді, комиссияның сандық және дербес құрамын оқу орталығының басшысы бекітеді, бірақ құрамы төрт адамнан кем болмауы керек.
Тыңдаушы жұмыс берушінің өкілдері комиссия құрамына кіре алмайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі