О внесении изменений в решение Жамбылского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 39-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий, нуждающихся граждан по Жамбылскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жамбылского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 39-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий, нуждающихся граждан по Жамбылскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9-3
- Қабылданған күні
- 02.03.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2017 110643_251414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GC003352
- ЭКБ идентификаторы
- 110643
- Редакция идентификаторы
- 110643_251414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:55
0 «Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №39-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №39-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2615 болып тіркелген, 2016 жылдың 25 сәуірдегі аудандық «Шұғыла-Радуга» газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
10 тармақтың 1) тармақшасындағы
« - көптеген дәрілік заттарға төзімді туберкулезбен ауыратын (IV топ) адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын 12372 (он екі мын үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде;» деген сөздер
« - туберкулезбен ауыратын адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын 21871 (жиырма бір мың сегіз жүз жетпіс бір) теңге көлемінде;» деп ауыстырылсын.
2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау алтыншы шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының «Әкімшілік – аумақтық құрылыс, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, ана мен баланы қорғау және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына» жүктелсін.