О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 391 «Об утверждении требований к форме и содержанию плана мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности, разрабатываемого субъектом Государственного энергетического реестра по итогам энергоаудита»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 391 «Об утверждении требований к форме и содержанию плана мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности, разрабатываемого субъектом Государственного энергетического реестра по итогам энергоаудита»
- Атауы (қаз.)
- «Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1127
- Қабылданған күні
- 30.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2015 96984_41245.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012571
- ЭКБ идентификаторы
- 96984
- Редакция идентификаторы
- 96984_41245
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:21
0 «Энергия аудитінің қорытындысы
бойынша Мемлекеттік энергетикалық
тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия
үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының нысаны мен мазмұнына
қойылатын талаптарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму Министрінің 2015 жылғы
31 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 41-3-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына
қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10958 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
2-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялардың субъектілері;»;
9, 10 және 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Іс-шаралар жоспары осы Талаптарға қосымшаға сәйкес , тұрады.
10. Іс-шаралар жоспарының мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) 1-кестенің 1-бағаны (Код және нөмір) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс-шараның екі немесе үш таңбалы саннан тұратын реттік нөмірі;
2) 1-кестенің 2-бағаны (Іс-шаралар) –сөздері мен атаулары қысқармаған іс-шараның толық атауы;
3) 1-кестенің 3-бағаны (Іске асыру кезеңі (бастап - дейін) – іс-шараны іске асыру кезеңі ай мен жылды білдіретін сан түрінде толтырылады (мысалы - 09.16 бастап 09.17 дейін). Орындалу мерзімі көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;
4) 1-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Жоспарланған шығыстар) – жоспарланған қаржы шығыстары миллион теңгемен көрсетіледі. Жоспарланған шығыстар көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;
5) 1-кестенің 9-бағаны (Өлшем бірліктері) – үнемделуі осы іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;
6) 1-кестенің 10, 11, 12, 13, 14-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 1-кестенің 9-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721);
7) 1-кестенің 15-бағаны (Өтелу мерзімі) – осы іс-шараны енгізген кездегі өтелу мерзімі;
8) 1-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – осы іс-шараның орындалғанын растайтын құжаттар бойынша мәліметтер. Растайтын құжаттардың көшірмелері осы Іс-шаралар Жоспарының қосымшалары болып табылады. Егер іс-шаралар бірнеше жұмыстардың негізінде немесе бірнеше ұйымдарды тарта отырып орындалса, онда әрбір растайтын құжат бойынша деректер көрсетіледі.
11. Іс-шаралар жоспарының мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) 2-кестенің 2-бағаны (Энергетикалық ресурстың атауы) – үнемделуі іс-шараны жүзеге асыру нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың атауы;
2) 2-кестенің 3-бағаны (өлшем бірлігі) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;
3) 2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 2-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі;
4) 2-кестенің 9, 10, 11, 12, 13-бағандары (Жоспарланған үнемділік, млн. теңге) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеуі (2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары) ақшалай баламадағы жоспарланған үнемділігі миллион теңге;
5) 2-кестенің 14-бағаны (максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы) – максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы электр энергиясына (кВтч), жылу энергиясына (Гкал*сағ) және судың жұмсалуына (м3/сағ) жатады;
6) 2-кестенің 15-бағаны (Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуеті) – энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуетінің өткен жылдағы осы энергетикалық ресурсты тұтынуға қатысты өзара қатынасын пайызбен қарастырады.
7) 2-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы және қортындының нөмірі мен күндері көрсетіле отырып, энергия аудитінің қорытындысы бойынша деректер.»;
мынадай редакциядағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Іс-шаралар жоспарының 3 мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) 1-кестенің 1-бағаны (Коды және нөмірі) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс – шараның екі немесе үш таңбалы сан түріндегі реттік нөмірі;
2) 3-кестенің 2-бағаны (Үлесті көрсеткіштің атауы) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланатын энергетикалық ресурстың атауы;
3) 3-кестенің 3-бағаны (Ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі) - ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі (мысалы - кВтс/т, Гкал/м2);
4) 3-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Өнiм/аудан бiрлiгiне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарланған төмендеу көлемі) – өнім/аудан бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 3-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі.»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 __________________________________ 20__ - 20__ жылдарға ұйымның толық атауы арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1127 бұйрығына қосымша
Энергия аудитінің қорытындысы
бойынша Мемлекеттік энергетикалық
тізілім субъектісі әзірлейтін,
энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының нысаны мен
мазмұнына қойылатын талаптарға
қосымша
Нысан
Бекітемін
____________________________________
бірінші басшының лауазымы
ұйымының қысқартылған атауы
______________ ____________
қолы Т.А.Ә.
20__ жылғы «__» ________________
(бекіту мерзімі)
(20__ жылғы «__» __________)
(қайта бекіту мерзімі)
М.О.
1-кесте
__________________________________ 20__ - 20__ жылдарға
ұйымның толық атауы
арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Код және нөмір
Іс-шаралар
Іске асыру кезеңі (бастап және дейін)
Жоспарланған шығыстар, млн. теңге
Өл-шем бір-лігі
Энергетикалық ресурстарды заттай түрде тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі
Өтелу мерзімі, жыл
Орын-далу тура-
лы белгі
20
__
20
__
20
__
20
__
20
__
20
__
20
__
20
__
20
__
20
__
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
Энергия үнемдеу аймағы: Электрмен жабдықтау және жарықтандыру
ЭЖжЖ.01
ЭЖжЖ.02
ЭЖжЖ.03
…
Жиы-ны:
Бар-лығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Жылумен жабдықтау және жылыту
ЖЖжЖ.01
ЖЖжЖ.02
ЖЖжЖ.03
…
Жиы-ны:
Бар-лығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Желдету, салқындату, ылғалдандыру
ЖСЫ.01
ЖСЫ.02
ЖСЫ.03
…
Жиы-ны:
Бар-лығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Сумен жабдықтау және су бұру
СС.01
СС.02
СС.03
…
Жиы-ны:
Бар-лығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Технологиялық құрал-жабдық
ТҚ.01
ТҚ.02
ТҚ.03
…
Жиы-ны:
Бар-лығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер
ЕҚ.01
ЕҚ.02
ЕҚ.03
…
Жиы-ны:
Бар-лығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Энергия менеджменті
ЭМ.01
ЭМ.02
ЭМ.03
…
Жиы-ны:
Бар-лығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру
ҚБА.01
ҚБА.02
ҚБА.03
…
Жиы-ны:
Бар-лығы:
Жоспар бойынша жиыны
Жоспар бойынша барлығы
2-кесте
№
Энергия ресурсының атауы
Өлш. бірл.
Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі (ш.о.т.)
Жоспарланған үнемдеу, млн. теңге
Максималды қуаттылық-тың ықтимал төмендеуі
Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуеті
(%)
Орындалу туралы белгі
20
__
20
__
20
__
20
__
20
__
20
__
20
__
20__
20__
20__
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
1
2
3
…
Жиыны (ш.о.т.):
3-кесте
№
Үлестік көрсеткіш атауы
Ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі
Өнiм/аудан бiрлiгiне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарланған төмендеу көлемі
20__
20__
20__
20__
20__
1
2
3
4
5
6
7
8
1
2
Жиыны:
Барлығы:
Келісілді:Әзірлеушілер:
Ескертпе:
1 1. Іс-шаралар кодының мағынасы:
1) ЭЖжЖ. – электрмен жабдықтау және жарықтандыру;
2) ЖЖжЖ. – жылумен жабдықтау және жылыту;
3) ЖСЫ. – желдету, салқындату, ылғалдандыру;
4) СС. – Сумен жабдықтау және су бұру;
5) ТҚ. – технологиялық құрал-жабдық;
6) ЕҚ. – есептеу және бақылау құралдары мен аспаптары, оның ішінде автоматтандырылған
жүйелер;
7) ЭМ. – энергия менеджменті;
8) ҚБА. – қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
9) ҚО. – қатты отын;
10) Газ. - газ;
11) СО. – сұйық отын;
12) ЭЭ. - электр энергиясы;
13) ЖЭ. - жылу энергиясы;
14) С. – Су;
15) ш.о.т. – шартты отынның тоннасы.