О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 398 "Об утверждении Правил осуществления государственного мониторинга недр"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 398 "Об утверждении Правил осуществления государственного мониторинга недр"
- Атауы (қаз.)
- "Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру кағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 531
- Қабылданған күні
- 30.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2018 105842_333145.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014132
- ЭКБ идентификаторы
- 105842
- Редакция идентификаторы
- 105842_333145
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:33
0 «Жер қойнауына мемлекеттік
мониторингті жүзеге асыру
кағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы 31
наурыздағы № 398 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11519 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, келеңсіз үдерістер зардаптарын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін бақылау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес жұмы күні ішінде Қазақстан
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___»_________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ А. Мырзахметов
2016 жылғы «___»_________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___»_________