Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 399 «Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений»

Бұйрық · № 652 · қабылданған 22.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-399-ekb-174590/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 399 «Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений» Қолданыста Бұйрық ·№ 652 ·22.11.2022
22.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 399 «Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 652 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 399 «Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений»
Атауы (қаз.)
«Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
652
Қабылданған күні
22.11.2022
Көрсетілген редакция
22.11.2022 174590_606163.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030860
ЭКБ идентификаторы
174590
Редакция идентификаторы
174590_606163
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:51

0 «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығына өзгерістер мен

толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11312 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларында:
2 - тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жаңа үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың немесе кеңейтуден (реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден) өткен қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпарат салынған және пайдалануға берілген объектінің техникалық паспортының не объектіні пайдалануға қабылдау актісінің деректеріне сәйкес қабылданады және олар пайдалануға берілген сәттен бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.»;
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы жүргізілген энергия аудитінің қорытындылары бойынша айқындалады және энергия аудиті жүргізілген кезден бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптары

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 652 Бұйрыққа
қосымша
Үйлердің,құрылыстардың,
ғимараттардың энергия тиімділігі
сыныптарын айқындау
және қайта қарау қағидаларына
қосымша
Кесте
Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптары
№ р/с
Энергия тиімділік сыныбының белгілеленуі
Энергия тиімділігі сыныбының атауы
Ғимаратты жылытуға және желдетуге арналған энергия тиімділік көрсеткішінің есептік (нақты) мәнінің нормативтік мәнінен ауытқу шамасы, %
1
A
өте жоғары
-51-ден төмен
2
B
жоғары
-16-дан-50-ге дейін
3
C
қалыптыдан жоғары
-6-дан -15-ке дейін
4
D
қалыпты
от -5 +5-ке дейін
5
E
қалыптыдан төмен
+6-дан +15-ке дейін
6
F
төмен
+16-дан +50-ге дейін
7
G
өте төмен
+51-ден жоғары

Қолданыстағы