О внесении изменения и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 406 «Об установлении требований по энергоэффективности зданий, строений, сооружений и их элементов, являющихся частью ограждающих конструкций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 406 «Об установлении требований по энергоэффективности зданий, строений, сооружений и их элементов, являющихся частью ограждающих конструкций»
- Атауы (қаз.)
- «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 406 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 613
- Қабылданған күні
- 04.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2022 173491_599407.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030437
- ЭКБ идентификаторы
- 173491
- Редакция идентификаторы
- 173491_599407
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:11
0
«Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 406 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11378 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – көрсетілген қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетия ресурстары көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергия ресурстарына сандық қатынасы;».
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1106 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12541 болып тіркелген) үйлерді, құрылыстарды, ғимаратарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанына сәйкес жалпы пайдалану үшін қолжетімді жерде (ғимараттың кіреберісіндегі және/немесе ғимараттың залындағы ақпараттық тақтада 1.5 метрден төмен емес және 2 метрден жоғары емес деңгейде және/немесе ғимараттың қасбетінде негізгі кіреберістің жанында 1.5 метрден төмен емес және 2 метрден жоғары емес деңгейде) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының), үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің және (немесе) көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігінің бастамасы бойынша ерікті негізде орналастырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі