О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 407 «Об установлении требований по энергоэффективности технологических процессов, оборудования, в том числе электрооборудования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 407 «Об установлении требований по энергоэффективности технологических процессов, оборудования, в том числе электрооборудования»
- Атауы (қаз.)
- «Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 28.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2020 142389_458946.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020539
- ЭКБ идентификаторы
- 142389
- Редакция идентификаторы
- 142389_458946
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:44
0 «Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы
31 наурыздағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11321 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) күштік трансформатор - екі немесе одан да көп орамасы бар, айнымалы кернеу мен тоқтың бір немесе бірнеше жүйелерін электр магниттік индукциялау арқылы қуатты беру мақсатында әдетте сол жиілік кезінде басқа мәндері бар айнымалы кернеу мен тоқтың бір немесе бірнеше басқа жүйелеріне түрлендіруге арналған статикалық құрылғы;
18) трансформатордың энергетикалық тиімділік сыныбы - трансформатордағы шығын деңгейімен (оның энергетикалық тиімділігімен) айқындалатын трансформатордың сипаттамасы;
19) тоңазытқыш аспап - салқындатылуы бір немесе бірнеше тоңазытқыш агрегаттармен, табиғи конвекциямен және (немесе) өзгедей түзілмеген жүйемен қамтамасыз етілетін бір немесе бірнеше бөлімшелері бар зауытта дайындалған жылу оқшауландырылған камера;
20) Frost Free/Фрост-фри жүйесі - бұл ішіне орнатылған желдеткіштің көмегімен әр түрлі бағыттарда ауа айналымы үнемі болатын жүйе, бұл мұздатқыш және тоңазытқыш бөлімдерінің қабырғаларында мұз бен қыраудың пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Талаптар технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының мына топтарына таралады:
1) электр қозғалтқыштар;
2) жарық көздері;
3) цемент өндірісі;
4) күштік трансформаторлар;
5) тоңазытқыш аспаптар.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Электр қозғалтқыштарға арналған энергия тиімділігі бойынша талаптар»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Жарық көздеріне арналған энергия тиімділігі бойынша талаптар»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Цемент өндірісі кезіндегі энергия тиімділігі бойынша талаптар»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тараулармен толықтырылсын:
«5-тарау. Күштік трансформаторлар үшін энергия тиімділігі бойынша талаптар.
21. Осы Талаптар кернеуі 6-10 кВ, қуаты 63-2500 кВА күштік тарату трансформаторларына қолданылады.
22. Қуатты тарату трансформаторларының энергия тиімділігі:
- бос жүріс шығындары (бұдан әрі-БЖ);
- қысқа тұйықталу шығыны (бұдан әрі – ҚТ) деңгейлерімен сипатталады.
23. Осы Талаптарда кернеуі 6-10 кВ күш трансформаторында (бос жүріс – «X» индексімен және қысқа тұйықталу – «К» индексімен) ең жоғары шығын деңгейінің 4-санаты белгіленеді: 1, 2, 3 және 4 «Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (бос жүріс)» кестеде және «Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (қысқа тұйықталу)» кестеде келтірілген, сондай-ақ «X» және «К» санаттарының үйлесіміне байланысты осы Талаптарға 7-қосымшадағы «Трансформаторлардың энергия тиімділігі сыныптарының әртүрлі үйлесімдері» кестесіне сәйкес энергия тиімділігі сыныптарының әртүрлі үйлесімдері болуы мүмкін.
24. Күштік трансформаторларға энергия тиімділігі бойынша ең аз талаптар қойылады, демек энергия тиімділігі параметрлерінің бірі (бос жүрісті жоғалту және (немесе) қысқа тұйықталуды жоғалту) «Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (бос жүріс)» және «Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (қысқа тұйықталу)» кестелеріне сәйкес 2 және одан көп (X2, Х3, Х4 және (немесе) К2, К3) энергия тиімділігі сыныбына сәйкес келеді.
6-тарау. Тоңазытқыш аспаптарға арналған энергия тиімділігі бойынша талаптар.
25. Осы талаптар тұрмыстық жағдайларда тамақ өнімдерін сақтауға және/немесе мұздатуға арналған компрессиялық және абсорбциялық үлгідегі тұрмыстық электр тоңазытқыш аспаптарына, оның ішінде ішкі мәжбүрлі ауа айналымы бар және қырау түзілмеген жүйесі бар аспаптарға (Frost Free/Фрост-фри жүйесі) қолданылады.
26. Тоңазытқыш аспаптарының энергия тиімділігінің көрсеткіші энергетикалық тиімділік индексі (EEI) болып табылады.
27. Тоңазытқыш аспаптардың энергетикалық тиімділігін белгілеу үшін Энергетикалық тиімділік индексіне байланысты осы Талаптарға 8-қосымшаға сәйкес 10 сынып (кему бойынша) белгіленді.
28. Энергетикалық тиімділік индексі 55-тен астам (EEI > 55) тоңазытқыш аспаптарды пайдалануға жол берілмейді.
29. Тоңазытқыш аспаптардың энергетикалық тиімділік индексі ҚР СТ 51565-2017 «Энергетикалық тиімділік. Тұрмыстық тоңазытқыш және ұқсас аспаптар. Энергетикалық тиімділік көрсеткіштері және анықтау әдістері» стандартына сәйкес айқындалады.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
1 Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (бос жүріс)
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 28 сәуірі
№ 239 бұйрығына
1-қосымша
Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарына 7-қосымша
Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары
шығындар деңгейінің санаттары (бос жүріс)
Қуаты,
кВА
Шығын XX, Вт
Энергия тиімділігінің сыныбы
X1
Х2
Х3
Х4
63
175
160
128
104
100
260
217
180
145
160
375
300
260
210
250
520
425
360
300
400
750
565
520
430
630
1000
696
730
560
1000
1400
957
940
770
1250
1500
1350
1150
950
1600
1950
1478
1450
1200
2500
2600
2130
2100
1750
Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (қысқа тұйықталу)
Қуаты,
кВА
Шығын К3, Вт
Энергия тиімділігінің сыныбы
К1
К2
К3
63
1280
1270
1031
100
1970
1591
1475
160
2900
2136
2000
250
3700
2955
2750
400
5400
4182
3850
630
7600
6136
5600
1000
10600
9545
9000
1250
13500
13250
11000
1600
16500
15455
14000
2500
26500
23182
22000
Трансформаторлардың энергия тиімділігі сыныптарының әртүрлі үйлесімдері
ӘБЖ/ ӘҚТ
К1
К2
К3
X1
X1K1
Х1К2
Х1К3
X2
Х2К1
Х2К2
Х2К3
X3
Х3К1
Х3К2
Х3К3
X4
Х4К1
Х4К2
Х4К3
2 Тоңазытқыш аспабының энергетикалық тиімділік индекстері
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 28 сәуірі
№ 239 бұйрығына
2-қосымша
Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі талаптарына
8-қосымша
Тоңазытқыш аспабының энергетикалық тиімділік индекстері
Энергия тиімділігінің сыныбы
Энергетикалық тиімділік индексі
A +++
EEI <22
A ++
22 ≤ EEI <33
A +
33 ≤ EEI <42
A
42 ≤ EEI <55
В
55 ≤ EEI <75
С
75 ≤ EEI <95
D
95 ≤ EEI <110
E
110 ≤ EEI <125
F
125 ≤ EEI <150
G (ең тиімді)
EEI>_150