О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 31 декабря 2015 года № 411 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 31 декабря 2015 года № 411 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 411 «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 02.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2020 106898_453615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16M0003157
- ЭКБ идентификаторы
- 106898
- Редакция идентификаторы
- 106898_453615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:53
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 411
«Азаматтық хал актілерін тіркеу
мәселелері бойынша мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 411 «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2966 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;».
2 2. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.К. Рзахановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық азаматтық хал
актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________А.З. Елемесова
« 02 » 09 2016 ж.
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________А.К. Рзаханов
« 02 » 09 2016 ж.