Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 31 марта 2015 года № А-4/127 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление по инспекции труда Акмолинской области»

Қаулы · № А-5/139 · қабылданған 29.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-4127/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 31 марта 2015 года № А-4/127 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление по инспекции труда Акмолинской области» Күшін жойған 17.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 31 марта 2015 года № А-4/127 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление по инспекции труда Акмолинской области»

Күшін жойған Қаулы № А-5/139 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 31 марта 2015 года № А-4/127 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление по инспекции труда Акмолинской области»
Атауы (қаз.)
«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № А-4/127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-5/139
Қабылданған күні
29.03.2016
Көрсетілген редакция
17.05.2016 101781_169654.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16B0005320
ЭКБ идентификаторы
101781
Редакция идентификаторы
101781_169654
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:54
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Ақмола облысының

еңбек инспекциясы жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 наурыздағы № А-4/127
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № А-4/127 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4782 болып тіркелген, 2015 жылы 19 мамырда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ жаңа мазмұнда жазылсын:

15 «15. Функциялар:

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;
еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;
жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.»;
19 - тармақ жаңа мазмұнда жазылсын:
«19. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.».

2. Қоса берілген «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістер мәтіні бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.

4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне енгізілетін өзгерістер мәтіні

Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ А-5/139
қаулысымен бекітілді
«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне енгізілетін өзгерістер мәтіні
15-тармақ жаңа мазмұнда жазылсын:
«15. Функциялар:
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;
еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;
жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.»;
19- тармақ жаңа мазмұнда жазылсын: