О внесении изменения в решение Есильского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 41/7 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Есильского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 41/7 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе»
- Атауы (қаз.)
- Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/7 «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін анықтау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/5
- Қабылданған күні
- 14.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2018 101611_372406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BK005299
- ЭКБ идентификаторы
- 101611
- Редакция идентификаторы
- 101611_372406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:36
0 Есіл аудандық мәслихатының
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 41/7 «Есіл ауданында тұратын,
аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің тәртібін және мөлшерін
анықтау туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін анықтау туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 мамырда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бектілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Есіл аудандық бөлімі арқылы немесе «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы тұғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді жүзеге асыратын, «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүгінеді».».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік
тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі
А. Қалжанов
14 сәуір 2016 жыл