Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 417 «Об утверждении Правил ведения реестров удостоверений личности моряка Республики Казахстан, профессиональных дипломов, подтверждений профессиональных дипломов, льготных разрешений, мореходных книжек»

Бұйрық · № 466 · қабылданған 21.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-417-ekb-123585/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 417 «Об утверждении Правил ведения реестров удостоверений личности моряка Республики Казахстан, профессиональных дипломов, подтверждений профессиональных дипломов, льготных разрешений, мореходных книжек» Қолданыста Бұйрық ·№ 466 ·21.06.2018
21.06.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 417 «Об утверждении Правил ведения реестров удостоверений личности моряка Республики Казахстан, профессиональных дипломов, подтверждений профессиональных дипломов, льготных разрешений, мореходных книжек»

Қолданыста Бұйрық ·№ 466 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 417 «Об утверждении Правил ведения реестров удостоверений личности моряка Республики Казахстан, профессиональных дипломов, подтверждений профессиональных дипломов, льготных разрешений, мореходных книжек»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 417 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
466
Қабылданған күні
21.06.2018
Көрсетілген редакция
21.06.2018 123585_339607.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017173
ЭКБ идентификаторы
123585
Редакция идентификаторы
123585_339607
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:59

0

«Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 417 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11033 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2018 жылғы 21 маусымдағы
№ 466 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 31 наурыздағы
№ 417 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдарының, кәсіби дипломдарды растамаларының, жеңілдік рұқсатнамаларының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-27) тармақшасына сәйкес әзiрленді және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігінің, кәсіби дипломдарының, кәсіби дипломдарды растамаларының, жеңілдік рұқсатнамаларының, теңізде жүзу кітапшаларының (бұдан әрі – теңізшінің құжаттары) тізілімдерін жүргізу тәртібін айқындайды.

2

2. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдарының, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін (бұдан әрі – тізілім) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Теңіз порты әкімшілігі) жүргізеді.

2 2. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібі

3 3. Тізілімдерге мынадай ортақ мәліметтер енгізіледі:

1 1) теңізшінің тегі, аты, әкесінің (бар болса) аты, туылған күні, азаматтығы, жынысы, жеке суреті;

2 2) құжат түрі, нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;

3 3) қолданылу мерзімін ұзарту, тоқтату, құжатты ауыстыру, күшін жою, тапсыру, жоғалту, алып қою, жою туралы деректер.

4 4. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, тізілімдерге мынадай қосымша мәліметтер енгізіледі:

1 1) кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының тізіліміне:

лауазымы, қызметі, жауапкершілік деңгейі, диплом растамасы, түзетулерімен бірге теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы халықаралық конвенция құзыретінің (бұдан әрі – ТДДВ конвенциясы) сәйкес ең төмен стандарттарына шектеулер, жеңілдік рұқсатнамаларын беру жөніндегі деректер және медициналық қорытынды;

2 2) теңізде жүзу кітапшаларының тізіліміне:

растайтын құжаттар туралы мәліметтер (қатардағы құрам тұлғалары маманының құжаттары, танкерде қызмет ететін мамандардың құжаттары, танкерде қызмет ететін мамандардың құжаттарының растамалары, кәсіби дипломдарын тануды растайтыны растамалар, танкерде қызмет ететін мамандар құжаттарын тануды растайтын растамалар, теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі).

5 5. Теңізшілердің берілген құжаттары туралы деректерді Теңіз порты әкімшілігі автоматтандырылған режимде өңдейді және құжаттардың қолданылу мерзімін ұзарту, тоқтату, ауыстыру, күшін жою, тапсыру, жоғалту, алып қою, жою туралы ақпараттың түсуіне қарай жаңартып отырады.

6 6. Тізілімдер қорғалған дәрекқорда электрондық нысанда, заттай көлемде және «тек оқу үшін» деген функциясымен «pdf» форматында жүктелген түсте сақталады және теңізші құжаттарын беру, ұзарту, тоқтату, алып қою, жоғалту немесе жою және қолданылу мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды.

7

7. Теңізшінің берілген құжаттары туралы ақпаратты Теңіз портының әкімшілігі кемені экипажбен қауіпсіз жасақтау шеңберінде ТДДВ Конвенциясына қосымшаның 1/10 Қағидаларына сәйкес ТДДВ Конвенциясының басқа қатысушы-мемлекетінің теңіз әкімшілігінен немесе кеме қатынасы компаниясынан дәлелді жазба өтініш алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.

Қолданыстағы