Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение Сарысуского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 42-10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району»

Ереже · № 44-4 · қабылданған 27.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-42-10-ekb-90706/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение Сарысуского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 42-10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району» Күшін жойған Ереже ·№ 44-4 ·27.05.2015
20.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение Сарысуского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 42-10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 44-4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение Сарысуского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 42-10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району»
Атауы (қаз.)
«Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 42-10 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
44-4
Қабылданған күні
27.05.2015
Қолданысқа енгізілген күні
28.06.2015
Көрсетілген редакция
20.12.2017 90706_279501.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15GI002665
ЭКБ идентификаторы
90706
Редакция идентификаторы
90706_279501
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:56

0 «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» Сарысу аудандық мәслихатының
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 42-10 шешіміне өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 42-10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2608 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірдегі № 40-41 аудандық «Сарысу газетіне жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
3 тармақ 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ең төмен күнкөріс деңгейі – Жамбыл облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну есебінін құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс»;
8 тармақтың 2 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториалық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға 14 000 (он төрт мың) теңгеден үш ай қатарынан әлеуметтік көмек көрсетіледі».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылысы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы