О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 509 «Об утверждении перечня участков недр, подлежащих выставлению на конкурс»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 509 «Об утверждении перечня участков недр, подлежащих выставлению на конкурс»
- Атауы (қаз.)
- «Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 509 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 617
- Қабылданған күні
- 26.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.10.2015 96409_61298.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012361
- ЭКБ идентификаторы
- 96409
- Редакция идентификаторы
- 96409_61298
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:53
0 "Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 509 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11873 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
10
Көмірсутек шикізаты
Южный учаскесінің XXVIII-17-Е(ішінара) XXIX-16-B(ішінара), C(ішінара),D(ішінара), E(ішінара),F(ішінара), 17-A(ішінара),B(ішінара), C,D,E,F, 18-A(ішінара), B(ішінара),C,D,E,F, (ішінара) 19-A(ішінара),B(ішінара),C(ішінара),D(ішінара), XXX-16-B(ішінара),C(ішінара), 17-A(ішінара),B(ішінара), C(ішінара), 18-A(ішінара), B(ішінара) блоктары шегінде.
Атырау Маңғыстау
45°52'00" 54°29'00"
45°56'45" 54°18'56"
46°01'23" 54°24'05"
46°04'02" 54°22'56"
46°10'00" 54°10'00"
46°16'39" 54°22'16"
46°17'38" 54°23'12"
46°18'49" 54°28'10"
46°20'00" 54°35'00"
46°17'00" 54°35'00"
46°17'00" 54°47'08"
46°20'00" 54°47'08"
46°22'04" 54°47'08"
46°22'00" 54°50'00"
46°20'00" 54°50'00"
46°20'00" 55°00'00"
46°15'00" 55°00'00"
46°15'00" 55°15'00"
46°20'00" 55°15'00"
46°20'00" 56°00'00"
46°00'00" 55°20'00"
45°55'00" 55°20'00"
Жалпы ауданы 4497,66 шаршы км. Южный учаскесінің аумағынан Боранкөл, Табынай кен орындары алынып тасталады. Алынып тасталатын Боранкөл, Табынай кен орындарын есептемегенде, Южный учаскесінің ауданы 4443,96 шаршы км. құрайды.
Барлау
».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.