Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 31 декабря 2015 года № 514 «Об установлении водоохранных зон, полос водных объектов Северо-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования»

Қаулы · № 31 · қабылданған 16.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2015-no-514-ekb-179139/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 31 декабря 2015 года № 514 «Об установлении водоохранных зон, полос водных объектов Северо-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования» Қолданыста Қаулы ·№ 31 ·16.03.2023
16.03.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 31 декабря 2015 года № 514 «Об установлении водоохранных зон, полос водных объектов Северо-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования»

Қолданыста Қаулы ·№ 31 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 31 декабря 2015 года № 514 «Об установлении водоохранных зон, полос водных объектов Северо-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования»
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
31
Қабылданған күні
16.03.2023
Көрсетілген редакция
16.03.2023 179139_622232.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23S0745415
ЭКБ идентификаторы
179139
Редакция идентификаторы
179139_622232
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:11

0 «Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы

31 желтоқсандағы № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Солтүстік Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, су объектілерінің белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3610 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
«Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті
Солтүстік Қазақстан облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті»
республикалық мемлекеттік
мекемесі

1 Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері

Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2023 жылғы 16 наурыздағы
№ 31 Қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 514 қаулысына 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау
аймақтары, белдеулері

Су айдынының атауы
Орналасқан жері (аудан, ауылдық округ, елді мекен)
Су айнасы ның ауданы (гектар)/ұзындығы (шақырым)
Су қорғау аймағының ені
(метр)
Су қорғау белдеуінің ені
(метр)
1
2
3
4
5
6
Өзендер
1
Есіл өзені
Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Қызылжар
690
1000
100
2
Ақан-Бұрлық өзені
Ғабит Мүсірепов атындағы, Айыртау
222,36
500
100
3
Иман-Бұрлық өзені
Шал ақын, Айыртау
177
500
100
4
Жембарақ өзені
Ғабит Мүсірепов атындағы
37,29
500
35-100
5
Мұқыр өзені
Ғабит Мүсірепов атындағы
19,7
500
35-38
6
53°31'46.09" солтүстік ендік, 67°4'12.03" шығыс бойлық 53°31'33.39" солтүстік ендік, 67°3'46.77" шығыс бойлық географиялық координаттар тұсындағы Шудасай өзенінің учаскесі
Шал ақын, Юбилейный, Ұзынжар
0,75
500
75
7
Аралтөбе өзені
Айыртау
32,765
500
35-55
8
Қамсақты өзені
Айыртау, Есіл
107,353
500
35-55
9
Құланайғыр өзені (облыстық маңызы бар КСТ-62 «Ершовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл 17-209 километрлер» автомобиль жолының 159 километріндегі көпірді күрделі жөндеу учаскесі)
Ғабит Мүсірепов атындағы, Чистопол, Ялты
0,4
500
35
10
«Даутское-1» кен орны тау-кен бөлуінің географиялық координаттарының тұсындағы Шат өзенінің учаскесі
Ақжар, Ленинград, Ленинградское
0,91
500
75
Көлдер
Ақжар ауданы
11
Қомбайсор
Ленинград, Дәуіт
687
500
50
Аққайың ауданы
12
Кіші Тоқшын
Тоқшын, Тоқшын
33
300
50
13
Шағалалы Теңіз
Қиялы
7800
500
50
14
Базарал
Аралағаш, Аралағаш
577
500
50
15
Байсал
Аралағаш, Амангелді
128
300
50
16
Ақсуат
Аралағаш, Рублевка
303
300
50
17
Круглое
Аралағаш, Рублевка
93
300
50
18
Кіші Балықты
Смирнов
235
500
50
19
Жалтыр
Григорьев, Григорьевка
269
500
50
20
Құндыкөл
Полтав, Полтавка
68
300
50
Есіл ауданы
21
Полоустное (Полонское)
Петров, Покров, Петровка
33
300
50
Жамбыл ауданы
22
Екатериновское
Қазан, Екатериновка
471
500
50
23
Питное
Преснов (Железнин)
108
300
50
24
Курганское
Қазан, Усердное
162
300
50
25
Кабань
Первомай, Кабань
79
300
50
26
Суаткөл
Жамбыл, Амангелді
68
300
50
27
Мұжық
Озерный
65
300
50
28
Жалтырша
Майбалық
24
300
50
29
Далагүл
Благовещен, Майбалық
46
300
50
30
Питное
Преснов, Островка
350
500
50
31
Жекекөл
Благовещен, Благовещенка
99
300
50
32
Жарағаш
Благовещен, Благовещенка
87
300
50
33
Лапушки
Преснов (Железнин)
22
300
50
34
Купальное
Преснов (Железнин)
34
300
50
35
Лагерное
Преснов, Пресновка
182
300
50
36
Шырықмай
Майбалық
31
300
50
37
Ақбалық
Озерный
77
300
50
38
Горькое
Қазан, Мирный, Екатериновка
526
500
50-55
Қызылжар ауданы
39
Логуново
Соколов, Соколовка
45
300
50
40
Сергино
Налобин, Виноградов
135
300
50
41
Дубровное
Налобин, Дубровное
127
300
50
42
Гайдуково
Налобин, Гайдуково
149
300
50
43
Жалтыр
Рассвет, Рассвет
176
300
50
44
Лебеденок
Налобин
338
500
50
45
Сиверга
Налобин
291
500
50
46
Соленое
Лесной-Якорь
287
500
50-75
47
Пестрое
Петропавл қаласы, Прибрежный, Тепличное
137
300
35-50
48
Лебяжье
Вагулин, Вагулино
523
500
50
49
Бугровое
Бугров, Бугровое
68
300
50
50
Земляное
Бугров, Бугровое
47
300
50-55
51
Курейное
Налобин, Гайдуково
150
300
50
Мамлют ауданы
52
Белое
Белов, Белое
349
500
100
53
Щучье
Белов, Щучье
75
300
50
54
Студеное
Белов
41
300
50
55
Степное
Белов
23
300
50
56
Казачье
Дубровин, Михайловка
94
300
50
57
Пруд
Краснознамен, Беловка
51
300
50
58
Кривые
Дубровин, Дубровное
111
300
50
59
Каменное
Белов, Белое
235
500
100
60
Чистое
Белов, Чистое
138
300
50
61
Меңгесер
Қызыләскер, Новомихайловка
3685
500
100
62
Бесқамыс
Краснознамен, Калугино
43
300
50
63
Федосейкино
Воскресенов, Воскресеновка
45
300
50-55
64
Жаргино (Жагрино)
Белов, Белое
108
300
50
65
Каменное
Белов, Мамлютка
62
300
50
66
Таловое (Талое)
Пригород, Покровка
65
300
50
67
Беленок
Белов, Белое
54
300
50
68
Уделово
Белов
48
300
50
69
Уделенок
Белов
44
300
50
70
Краснознамен
Краснознамен, Краснознаменка
43
300
50
71
Прудок
Краснознамен, Калугино
40
300
50
72
Тетеркино
Белов
27
300
50
73
Куропаткино
Белов
23
300
50
74
Үлкен Черок
Дубровин, Михайловка
178
300
50
75
Желтое
Воскресенов, Становое
70
300
50-75
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
76
Ұлыкөл
Бірлік, Рузаевка
2198
500
50
77
Шарық су қоймасы
Андреевка, Көкалажар, Андреевка
243
500
100
Мағжан Жұмабаев ауданы
78
Бірінші
Лебяжье, Лебяжье
23
300
50
79
Екінші
Лебяжье, Лебяжье
20
300
50
80
Зарослое
Аққайың (Гаврин), Зарослое
152
300
50
81
Рявкино
Бәйтерек (Фурманов), Рявкино
281
500
50
82
Питное
Полудин, Полудино
872
500
50
Тимирязев ауданы
83
Ақсуат
Дзержинск, Москворецк, Москворецкое
1607
500
50
84
Жарқын
Дмитриев, Дмитриевка
467
500
50
85
Дмитриевка
Дмитриев, Дмитриевка
26
300
50

2 Солтүстік Қазақстан облысы су объктілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2023 жылғы 16 наурыздағы
№ 31 Қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 514 қаулысына 2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы су объктілерінің су қорғау аймақтары мен
су қорғау белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

1 1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстарды салмай, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға, осы тармақшаның ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен үймереттердің пайдаланылуына қолданылмайды, бұл ретте ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге де жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана оларды пайдалануға жол беріледі;

3 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7 7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

2 2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

3

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.

Қолданыстағы