Құжат мәтініне өту

«О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 31 марта 2016 года № 105 «Об утверждении регламентов государственных услуг «Выдача справки по определению адреса объектов недвижимости на территории Республики Казахстан», «Выдача архитектурно-планировочного задания» и «Выдача решения на реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий, не связанных с изменением несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования»

Қаулы · № 299 · қабылданған 10.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2016-no-105/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
«О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 31 марта 2016 года № 105 «Об утверждении регламентов государственных услуг «Выдача справки по определению адреса объектов недвижимости на территории Республики Казахстан», «Выдача архитектурно-планировочного задания» и «Выдача решения на реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий, не связанных с изменением несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования» Күшін жойған Қаулы ·№ 299 ·10.10.2016
07.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 31 марта 2016 года № 105 «Об утверждении регламентов государственных услуг «Выдача справки по определению адреса объектов недвижимости на территории Республики Казахстан», «Выдача архитектурно-планировочного задания» и «Выдача решения на реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий, не связанных с изменением несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 299 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 31 марта 2016 года № 105 «Об утверждении регламентов государственных услуг «Выдача справки по определению адреса объектов недвижимости на территории Республики Казахстан», «Выдача архитектурно-планировочного задания» и «Выдача решения на реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий, не связанных с изменением несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 105 қаулысына
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
299
Қабылданған күні
10.10.2016
Қолданысқа енгізілген күні
17.11.2016
Көрсетілген редакция
07.03.2018 107201_308244.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16G0003193
ЭКБ идентификаторы
107201
Редакция идентификаторы
107201_308244
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:34

0 «Қазақстан Республикасының аумағында

жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3059 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
« 3) қызмет көрсетушіге арыз өткізген уақыттан бастап, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалау бойынша өтініштерді қарау мерзімі:
сәулет жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
бастапқы материалдарды (сәулет жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттар, егжей- тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу - 14 ( он төрт) жұмыс күні ішінде;
қызмет көрсетушіге арыз өткізген уақыттан бастап, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалау бойынша өтініштерді қарау мерзімі:
сәулет жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде;
бастапқы материалдарды (сәулет жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттар, егжей- тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу - 16 ( он алты) жұмыс күні ішінде;».
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 8 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) қызмет көрсетушіге арыз өткізген уақыттан бастап, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалау бойынша өтініштерді қарау мерзімі:
сәулет жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
бастапқы материалдарды (сәулет жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттар, егжей- тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу - 14 ( он төрт) жұмыс күні ішінде;
қызмет көрсетушіге арыз өткізген уақыттан бастап, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалау бойынша өтініштерді қарау мерзімі:
сәулет жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде;
бастапқы материалдарды (сәулет жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттар, егжей- тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу - 16 ( он алты) жұмыс күні ішінде;».
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің № 1 қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесіне жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы